Еуроодақ жаздың соңына дейін вакцинацияны аяқтайды

971

Одақ әзірге үш вакцинаны мақұлдады.

Еуроодақ жаздың соңына дейін вакцинацияны аяқтайды

ЕО халықты жаппай вакцинациялауды жаздың соңына дейін аяқтайды. Еуропаның ішкі нарық жөніндегі комиссары Тьерри Бретон осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы BFMTV арнасына сілтеме жасап.

"Біздің мақсатымыз – жаздың соңына дейін вакцина ектіргісі келетіндерге екпе салып үлгеру. Еуропада препаратты қабылдағысы келетіндердің қатары көп болады деп үміттенеміз", – деді ол. 

Оның айтуынша, Еуроодақта әзірге үш вакцина мақұлданған: Pfizer мен Biontech компаниялары бірлесе жасаған препарат, Moderna және AstraZeneca екпелері. Жуырда тағы екі вакцина тіркелуі тиіс. Бретон жаппай вакцинациялау процесін жүргізу үшін өндірісті ұлғайту қажет екенін жариялады. Алайда еурокомиссар жоспарды іске асыру үшін зауыт салудың қажеті жоқ, өйткені оған көп уақыт кетеді деген пікірде.

Табиғат Нұрболат

Фото: Globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу