Еуроодақта ресейлік көмірге салынған эмбарго күшіне енді

560

Бұған дейін ЕО жыл сайын құны 8 миллиард еуро тұратын ресейлік көмірді импорттап келген еді.

Еуроодақта ресейлік көмірге салынған эмбарго күшіне енді

1 тамызда Еуроодақта Ресей көмірінің импортына салынған эмбарго күшіне енді. Бұл шектеу 2022 жылғы 7 сәуірде қабылданған санкциялардың бесінші пакетіне енгізілген еді.

"Ресейдің Украинаға қарсы агрессивті соғысының тоқтамауы және Ресей Қарулы Күштерінің Украинадағы әрекетін ескере отырып, Ресейге қарсы экономикалық және жеке санкциялардың бесінші пакетін енгізу туралы шешім қабылданды", – деп жазылды хабарламада.

Бұл пакетке Ресей билігі мен экономикасына бағытталған қысымды күшейтуге, Кремль агрессиясын тежеуге арналған бірқатар шара енгізілді. Бұған дейін ЕО жыл сайын құны 8 миллиард еуро тұратын ресейлік көмірді импорттап келген еді.

Еске сала кетсек, Еуроодақ 8 сәуірде көмір эмбаргосы енгізу қарастырылған санкциялардың бесінші пакетін жариялады. 2022 жылдың тамыз айынан бастап Ресейден шығарылған көмір мен басқа да қатты шикізатты сатып алуға, импорттауға немесе тасымалдауға тыйым салынды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу