Еуроодақта TikTok-қа тыйым салынуы мүмкін

255

Еурокомиссия — қызметкерлеріне жұмыс телефондарына TikTok орнатуға тыйым салған әлемдегі алғашқы ұйым. 

Еуроодақта TikTok-қа тыйым салынуы мүмкін Фото: Sean Kilpatrick/AP

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, енді TikTok әлеуметтік желісі жалпы Еуроодақ аумағында бұғатталуы мүмкін, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"TikTok әлеуметтік желісінің бұғатталуы әбден мүмкін", — дейді Politico газеті келтірген сөзінде. 

Сонымен қатар Фон дер Ляйен Еурокомиссия жұмысшыларына TikTok-ты жұмыс телефондарына орнатуға тыйым салған әлемдегі алғашқы ұйым екенін еске салды.

Өткен аптада Tik Tok Еуропалық комиссияның кезекті ескертуінен кейін пайдаланушыларды марапаттау бағдарламасының жұмысын тоқтатты.

Бұған дейін Еуропалық комиссия ЕО-ның Жаңа цифрлық қызметтер туралы заңына сәйкес TikTok иелеріне "лүпіл" үшін сыйақы мүмкіндіктерін қамтитын TikTok Lite қосымшасының тәуекелдерді бағалау туралы есебін қайта сұратты. Еурокомиссияда, компанияның мұндай тәуекелдерді бағалауы дұрыс жүргізілмеген деп күдіктенеді, ал сыйақы құралдары пайдаланушыларға, әсіресе балалар арасында тәуелділік тудырып, теріс әсер етуі мүмкін деген ой келтіреді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу