Біріккен корольдіктің Еуроодақтан шығуына байланысты Еуроодақтың талаптары қолайсыз болса Британия есе қайтаруға дайын екенін жексенбі күні Ұлыбританияның қаржы министрі Филип Хаммонд мәлімдеді, деп жазады "Интерфакс".
"Британдықтардың бойында асқақ жауынгерлік рух бар және біз жауап қайтарамыз", – деді ол Би-би-сиге берге сұхбатында.
Дәлірек айтсақ Британия "әлемде жаңа сауда келісімдерге қол қоюы мүмкін" екенін Филип Хаммонд баса айтты.
"Британияның экономикасы бәсекеге қабілетті және елдің болашағы жарқын болуы үшін біз қажеттінің барлығын істейміз", – деді қаржы министрлігінің басшысы.
Ол "ЕО-ның серіктестерімен еркін сауда туралы толық қамтылған келісім жасасатынына" үмітті екенін баса айтты, алайда оның айтуынша, "Британияны тығырыққа тіреуге талпыныс балама болып табылмайтынын білуге тиіс".