Еуроодақтың 100 миллион тұрғыны вакцина ектірді

803

Бұған дейін Брюссель коронавирус сертификатын енгізу туралы шешім қабылдаған еді.

Еуроодақтың 100 миллион тұрғыны вакцина ектірді Фото: reuters.com

Еуропалық Одақ елдерінің шамамен 100 миллион азаматы коронавирусқа қарсы вакцинаны ектірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйенге сілтеме жасап. 

"Еуропалық Одақ осы күнге дейін 100 миллион адамға вакцина салды, ересек тұрғындардың шамамен 50%-ы препараттың бірінші дозасын қабылдады",– деді ол. 

ЕО-да ресми түрде төрт вакцина тіркеді:AstraZeneca, Pfizer, Moderna және Johnson&Johnson. Бұл препараттарды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да мақұлдады.

Еуропалық парламент Еуроодақ елдерінде коронавирустық сандық сертификатты енгізу туралы шешім қабылдаған еді. Құжат техникалық рәсімдеуден өтуі керек, ол ЕО ресми журналында жарияланғаннан кейін түрде күшіне енеді. Коронавирус сертификаты ЕО-да 1 шілдеде ресми түрде іске қосылады. Бірақ құжат қазір сынақ режимінде тұрғындарға үлестіріліп жатыр, оны шамамен миллионнан астам еуропалық алған.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу