"Еуропа-Азия" халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі Атырау облысына табан тіреді

696

Оларға арнайы авто-мото шеру ұйымдастырылып, қаланың орталық көшелерімен көк туды желбіретіп жүріп өтті.

"Еуропа-Азия" халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі Атырау облысына табан тіреді

Атыраулықтар "Еуропа-Азия" халықаралық бейбітшілік және келісім шеруінің бірінші кезеңіне қатысушыларды құрметпен қарсы алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

1 шілде күні елордадан басталған шеру бірлік пен ұлтаралық татулықты дәріптеп, Қарағанды, Алматы, Бішкек, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Орал қалаларында болған.

– Бұл – халықаралық шеру болғаннан кейін мемлекет қаражатына емес, халықтың қаржылық қолдауымен өтіп жатыр. Біздің мақсатымыз – бірлік пен бейбітшілікті дәріптеу. Барған барлық қалада бізді ойдағыдай қарсы алып жатыр. Шерудің алғашқы этапы аяқталғаннан кейін келесі сапарға дайындаламыз. Еуропа мен Азияның 17 елін аралаймыз, – деді "Еуропа-Азия" халықаралық бейбітшілік және келісім шеруінің атқарушы директоры Руслан Абдуллин.

"Еуропа-Азия" халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі шілденің соңында Владикавказда аяқталады. Бұл шеруге қатысушылар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Башқұртстан Республикаларының азаматтарынан құралған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу