Еуропа банктерінің тұтынушылары айтарлықтай азаюы мүмкін

835

 Еуропа банктерінің тұтынушылары айтарлықтай азаюы мүмкін

Жақын арада еуропалық қаржы ұйымдарының тұтынушылары бірден азайып кетуі мүмкін. Бұған Еуроодақтың терроризмге қарсы күресін күшейтуі себеп. Бұл болжамды блумберг интелидженс сарапшылары айтуда.

Терроризмге қарсы күрес саясатын жүргізу еуроодақ қазынасына үлкен шығын әкелетін процесс. Осындай қауіптің алдын алу үшін ең бірінші банктердегі қаржы аударымдарын халықаралық деңгейде назарда ұстап, бақылап отыру керек. Нақтырақ айтсақ, қолма-қол ақша, криптовалюта және бірнеше төлем жүйелерін қадағалау қажет. Сол себепті заң шығарушы органдар банктердегі құпиялықты алып тастап, барлық операцияларды ашық жүргізу керектігін ұсынып отыр. Ал, Ұлыбритания еуроодақтан шыққанша одақтың заңы мен ережелерін толығымен сақтау керек. Сарапшылар болса, одақтан шығу процесі 2019 жылға дейін жалғасады деп болжап отыр. Енді сол уақытқа дейін еуродақтың терроризм мен күресу жолындағы қабылданған заңтарын Ұлыбританияға да енгізу қажет. Енді болжам бойынша еуропалық банктер мен қаржы компанияларында активтерді басқаруда біраз қиындықтар тууы мүмкін. Ол осы жылдың екінші жартысында жүзеге асатын терроризмді қаржыландыруға қарсы жаңа заңға байланысты болып отыр. УэлсинСайт агенттігінің болжамынша осы әрекеттерді жүзеге асыруда әлемдік шығын 8 млрд доллардан асуы мүмкін. Еуроодақ альянсы ең бірінші кезекте терроризм қаупі жоғары саналатын елдерде банк арқылы жүретін барлық қаражат ағынын тексеруді қолға алып, ашық саясат жүргізбекші. Ол бірінші кезекте БНП, Сосиет Женераль, Дойче банк, Коммерцбанк және Гаранти банктеріне қатысты болмақ. Сол себепті осы қаржы институттарында тұтынушылар саны бірден төментеп кетеді деген қауіп бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу