Еуропа бензиннен бас тартады

1276

Автоконцерндер 2030 жылға қарай шығарылатын көліктердің барлығы  батареялармен жүретінін мәлім етті.

Еуропа бензиннен бас тартады

Еуроодақ елдері бензиннен толық бас тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. Осылайша ЕО қоршаған ортаға зиянды қалдықтар бөлмейтін электрокарларды жаппай қолданбақ. 

Еуропалық комиссия көліктен шығатын зиянды газ көлемі 2030 жылға қарай 65%-ға және 2035 жылға қарай 100%-ға төмендету туралы талап қояды. 

Barclays сарапшыларының пікірінше, көлік өндірушілеріне 2030 жылға белгіленген жоспарға қол жеткізу қиынға соғады, бірақ бұл талап электр қуатымен жүретін көліктердің көптеп шығарылуына серпін береді. 

Автоконцерндер 2030 жылға қарай шығарылатын көліктердің барлығы дерлігі батареялармен жүретін болатынын мәлім етті. Мысалы, Еуропадағы ең ірі өндіруші Volkswagen 2030 жылдан бастап сатылымға түсетін көліктердің 70%-ы электрокарларға тиесілі болады дегенді айтты. Renault көліктердің 90%-ын экологиялық таза етіп шығарады, ал Ford Motor тек электромобильдер өндірмек.
Экологиялық таза көлікке жаппай көшу – климаттық мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі шаралар пакетінің бөлігі. Олардың көмегімен ЕО 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылғы деңгейге қарағанда 55%-ға төмендетуді жоспарлап отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу