Еуропа экономиканы ынталандыру үшін еуроны әлсіретпек

492

Соңғы 11 жылда жылдық инфляция нысаналы көрсеткішке жетпеді. 

Еуропа экономиканы ынталандыру үшін еуроны әлсіретпек

Еуропаның Орталық банкі өзінің қаржы-несие саясатын қайта қарастырып, экономиканы қолдау мақсатында инфляция бойынша нысаналы көрсеткішті көтеруді көздеп отыр. Бұл қадам еуроның әлсіреуіне әкеліп соғуы мүмкін. Бұл туралы қаржы реттеушісінің басшысы Кристин Лагард мәлім етті. 

2003 жылдан бері инфляцияның нысаналы көрсеткіші еуроаймақта 2% деңгейінде болып белгіленді. Қазір экономистер мұндай шешімнің дұрыстығына күмән келтіріп отыр. Олардың ойынша,  инфляцияның төмен болуы ЖІӨ өсімінің тежелуімен тығыз байланысты. 

Соңғы 11 жылда жылдық инфляция нысаналы көрсеткішке жетпеді. Орташа есеппен алғанда, 1,2% болды. 1999 және 2008 жылдары аралығында көрсеткіш 2,3%-ға жеткен еді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу