Халықаралық валюта қоры Еуропа экономикасының дағдарысқа дейінгі деңгейге қашан жететінін мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы CNBC арнасына сілтеме жасап. Ұйымның пікірінше, еуроаймақ экономикасы 2022 жылы қалыпқа келеді.
ХВҚ-ның есебінше, халықтың басым бөлігі жаздан бастап вакцинамен қамтамасыз етілсе, аймақтың ЖІӨ-і биыл 4,5%-ға өседі. Бұған дейін 4,7%-ға артады деп болжаған еді. Еуропаның бірнеше елінде енгізілген шектеу шараларына байланысты ЖІӨ көрсеткіші төмендетілді.
Тағы бір жайт, ЕО-дағы инфляция 2021 жылы 1,1%-ға артып, 3,1%-ға дейін көтерілуі мүмкін. Мамандар бұл фактор экономиканың өсуіне септігін тигізеді деген пікірде.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу