Еуропа экономикасына тағы да қаржы бөлінеді

448

9 желтоқсанда Польша мен Венгрия Германиямен ақыры келісіп, 2021-2027 жылдарға арналған 2,2 трлн еуро көлеміндегі бюджетті бекітті.

Еуропа экономикасына тағы да қаржы бөлінеді Фото: ria.ru

Еуропаның орталық банкі еуроаймақ экономикасына тағы да қаражат бөледі. Қаржы реттеушісі  500 млрд еуро шығындамақ. Қаржылай көмектің жалпы көлемі осымен 1,85 трлн еуроға жетті. Пандемияға байланысты қабылданған бұл шара 2022 жылдың наурыз айына дейін жалғаспақ. 

Қаражат коммерциялық банктерден мемлекеттік және корпоративтік облигацияларды сатып алу үшін белгіленген. Сонымен қатар банк мөлшерлемелерді өзгеріссіз қалдырды. Қазір негізгі мөлшерлеме 0%, ал депозиттік мөлшерлеме -0,5% деңгейінде.

9 желтоқсанда Польша мен Венгрия ЕО-ға төрағалық ететін Германиямен келісіп, 2021-2027 жылдарға арналған 2,2 трлн еуро көлеміндегі бюджетті бекітті. Оның 750 млрд доллары Еуропа экономикасын ынталандыруға жұмсалады.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу