Мәлімдемеге Бельгия, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Ирландия, Италия, Нидерланды, Норвегия, Польша, Испания және Швеция елдері қол қойған.
Олар жаулап алынған Палестина аумақтарындағы елді мекендердің кеңеюіне қарсы екендіктерін жеткізді.
"Біз Палестинаның оккупацияланған аудандарында Израильдің қоныс аудару саясатына табанды түрде қарсы тұрамыз, ол қолданыстағы халықаралық құқықты бұзады", – делінген құжатта.
Ал ресми Вашингтонның қоныстанушыларға қатысты ұстанымы біз ойлағаннан да өзгеше болды.
"АҚШ бізге сары карточканы көрсетті", – деді израильдік ақпарат көздері.
Еске сала кетейік, бұл шешім АҚШ Президенті Джо Байден әкімшілігінің наразылығына қарамастан қабылданған болатын.
Оралбай Мергенбайұлы