Еуропа елдері Орталық Азиядағы құрғақшылықпен күреске 40 млн еуро жұмсады

1169

Мамандардың айтуынша, Орталық Азияда соңғы 30 жылда температура бірден көтеріліп, құрғақшылық болып жатыр. 

 Еуропа елдері Орталық Азиядағы құрғақшылықпен күреске 40 млн еуро жұмсады

Орталық Азиядағы климаттың өзгеруімен күресу шараларын Еуроодақ қаржыландыруда.  Мәселен, биыл аймақта "Жасыл Орталық Азия" жобасы іске қосылмақ, деп хабарлайды Atameken Business.

Жаңа бағдарлама шеңберінде бұрын басталған экологиялық жобалар жүзеге асырылады.

Мамандардың айтуынша, Орталық Азияда соңғы 30 жылда температура бірден көтеріліп, құрғақшылық болып жатыр. Бұл мәселеге Еуроодақ алаңдаулы. Құрғақшылық зардабын жою үшін кәрі құрлық елдері соңғы 10 жылда аймаққа 40 млн еуро құйған.

Еске салсақ, Еуроодақтың 2021-2027 жылдарға арналған бюджетінің 25 пайызын климаттық проблемаларға жұмсау жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу