Еуропа елдерінде Tesla көліктеріне сұраныс азайды

398

Еуропалықтар арасында америкалық Tesla компаниясының өнімдеріне сұраныс төмендеді.   

Еуропа елдерінде Tesla көліктеріне сұраныс азайды Фото: harapandaily.com

Жыл басынан бері бұл электромобильдердің саудасы 49% азайған, деп жазады inbusiness.kz сайты dw.com-ға сілтеме жасап.

Тіпті АҚШ-тың өзінде бұрынғыдай сұраныс жоқ. Сарапшылар бұл жағдайға компания басшысы – Илон Маск беделінінің төмендеуі әсер еткенін айтады. Ол АҚШ-тың үкімет тиімділігі департаментіне басшылық еткелі мемлекеттік қызметкерлер арасында жаппай қысқартулар жүргізді. Бұған наразылық ретінде әлдекімдер Tesla автосалондарын шабуылдай бастады. Электр көліктері сатылымдарының төмендеуіне Қытай тарапынан бәсекенің де артуы әсер еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу