Еуропа елдеріне құны 200 млн теңгеден асатын балық өнімі заңсыз экспортталған

210

1000 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. 

Еуропа елдеріне құны 200 млн теңгеден асатын балық өнімі заңсыз экспортталған Фото: видео скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігі балық өнімінің "көксерке филесі" аса ірі мөлшерде контрабандасы фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
 
Тергеу барысында 2021 жылдың қазанынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін мекеме басшысы заңсыз ауланған балықты сатып алып, оны кейіннен Еуроодақ елдеріне экспорттағаны анықталды. 
 
Бұл ретте экспортқа рұқсат беру құжаттарын алу үшін балықты қолдан өсіруге мүмкіндігі жоқ шаруа қожалығынан тауардың шығу тегі туралы жалған құжаттар алынған.
 
Сот үкімімен күдіктіге сатылған балық өнімінің кедендік құнын мемлекет кірісіне өндіріп ала отырып, 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу