Еуропа елдерінің Украинаны ЕО-ға кіргізетін ойы жоқ — Азаров

180

Еуропалық одақ басшылығының Украинаны өз қатарына қабылдауға деген ұмтылысы туралы мәлімдемелері Киев режимін Ресеймен соғысуға ынталандыруға арналған  құр бос сөз. 

Еуропа елдерінің Украинаны ЕО-ға кіргізетін ойы жоқ — Азаров Фото: РИА новости

Бұл туралы бұрынғы украин премьер-министрі Николай Азаров өзінің Telegram арнасында жазады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ол ЕО басшысы Урсула фон дер Ляйеннің "біз сізді ЕО-да күтеміз" деген мәлімдемесінің түк құны жоқ екенін атап өтті. Шын мәнінде, ЕО-ға мүше елдер шығындардың барлық ауыртпалығын көтеріп, Украинаны өз қатарына қабылдауға дайын емес.

"Мен ЕО елдерінің "біз сізді Еуропалық Одақ Достастығына қабылдауға дайынбыз" деген бірде-бір басшысын көрген жоқпын. Біреуін де! Ондайды мен ешқашан естіген емеспін!"- деп жазады Николай Янович.

Ол тіпті Украинаның Еуропалық перспективасы туралы айтатын қауымдастық келісімінің тұжырымдамасы еуропалық саясаткерлер арасында келіспеушіліктер тудырғанын атап өтті.

"Олар қазір риториканы өзгертті. Бірақ бұл тек риториканың өзгеруі. Себебі олар сенгіш Украинаны сөзбен алдап, оны Ресеймен соғысуға мәжбүр етуі керек", - дейді Азаров.

Николай Азаров — украин саяси және мемлекет қайраткері. 2010-2014 жылдары Украина Премьер-Министрі қызметін атқарып, ел тарихында осы қызметте ең ұзақ отырған саясаткер ретінде қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу