Осы қыста Еуропа газдың орнына көмір жағуы мүмкін

522

Ресей газын тұтынып келген Еуропа қыстан қысылмай шығуы үшін көмір жағуға кірісуі мүмкін. Себебі олар қорын толтырып үлгермеген. 

Осы қыста Еуропа газдың орнына көмір жағуы мүмкін

Италия мен Германия "Газпроммен" байланысын тоқтатады. Аталған елдер көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларын қайта қосуы мүмкін.

Кремльдегі билік Еуропалық одақтағылар энергетикалық дағдарысты қолдан жасап отыр. Егер құбырларды жөндеуге қажетті саймандарды беріп, санкцияны алып тастаса, еш мәселе жоқ. Біз оларды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге дайынбыз дейді.

Алайда блокқа мүше елдердің Ресейдің бопсалауына көнгісі жоқ. Газдың фронт фьючерстері өсіп барады. Мысалы Нидерланд хабында оның бір мегават сағаты – 127 еуро. Бұл жарты жыл бұрынғы көрсеткіштен жарты есе жоғары. Германиялық сарапшылар бағаның бұрынғы қалыпқа келуі үшін кемі 3-5 жыл керек дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу