Еуропа Қайта құру және даму банкі "Даму" қорының кепілдігімен ForteBank-ке 20,4 млрд тенге бөледі

1358

Еуропа Қайта құру және даму банкі "Даму" қорының кепілдігімен ForteBank-ке 20,4 млрд тенге бөледі

Қол қою рәсіміне ЕҚДБ Қазақстандағы директоры Джанет Хекман, ForteBank басқарма төрағасының орынбасары Гурам Андроникашвили мен "Даму" қорының басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин қатысты. Ұлттық валюта – теңгемен берілетін қаражат  микро, шағын және орта бизнес пен ЕҚБД "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасы бойынша әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталады, деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.

Әр несие 3 жылға екі траншпен беріледі. Бұған қоса 1 жыл жеңілдікті мерзімі бар. Бірінші транш ForteBank-ке  8,5 млрд теңге ($25 млн) көлемінде микро, шағын және орта кәсіпкерлікке деп, ал 1,7 млрд теңге (шамамен $5 млн) "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасы бойынша беріледі. Әр транш ForteBank-ке ақша аударған кездегі теңге-доллардың нарықтық бағамына қарай есептеледі.

"ЕҚДБ тұрақты және инклюзивті экономика құруды көздейді. Ұзақ мерзімге теңгелей берілетін несиеге қол жеткізу көптеген микро, шағын және орта кәсіпкерлер үшін маңызды.  Мен бүгін  жаңа әріптесіміз – ForteBank-пен кәсіпкерлерді, әсіресе елдің барлық өңірлеріндегі  әйел кәсіпкерлерді қолдау үшін күш біріктіріп отырғанымызға қуаныштымын", – деді ЕҚДБ Қазақстандағы директоры Джанет Хекман.

"Қазақстанда ШОБ қолдау – ForteBank-тің негізгі стратегиялық бағыттарының бірі. Біз Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстандағы екінші болып байланыс орнатқан банк ретінде әріптестік бастағанымызға қуаныштымыз. Бұл қаржы тартудың арқасында ШОБ-ты тиімді несиелеуге мүмкіндік береді. Біз әсіресе "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасына ерекше назар аударамыз. ForteBank алғашқылардың бірі болып әйел кәсіпкерлерге арнап арнайы тиімді өнімдерді қолға алады. "Даму" қорының бұл бағдарлама бойынша әріптестігі ШОБ саласындағы көп жылдық әріптестігіміздің жалғасы іспеттес", – деді ForteBank басқарма төрағасының орынбасары Гурам Андроникашвили.

 "ЕҚДБ қаржысы "Даму" Қорының кепілдігімен беріледі. Соның арқасында мемлекет пен жеке сала әріптестігінің сәтті үйлесімі пайда болып отыр. Біз тек кәсіпкерлердің банк алдындағы төлем қабілетін ғана емес, банктердің халықаралық институттар алдындағы жауапкершілігін де мойнымызға аламыз. Бұл – Елбасының "Нұрлы жол" жолдауы аясындағы жеке сектор мен "Бәйтерек" холдингіне халықаралық қаржы институттарынан қаржы тарту жөніндегі тапсырмаларының орындалуы да. Осы жылы ҚР Үкіметінің дағдарысқа қарсы іс-әрекет жоспары мен ҚР Ұлттық банкінің 2016-2018 жылдар арасындағы экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау жөніндегі жоспарына сай, шет елден  65 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бір сөзбен айтқанда "Даму" қоры ел экономикасына шет елдік инвестиция тарту жөніндегі берілген тапсырманы орындап отыр", – деді "Даму" қорының басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин.

Алдын-ала бағаммен, осы бағдарлама бойынша берілетін несие сомасы 28,5 млрд теңгені құрап, 350 кәсіпкер микро, ШОБ және әйелдер кәсіпкерлігіне қаржы алады деп есептеліп отыр. Олар шамамен 700 жаңа жұмыс орындарын ашып, 9,5 млрд теңгенің салығын төлеп, 69,5 млрд теңгенің өнімін шығарады деп көзделген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу