Еуропа Қазақстанға көмекке 1 млн еуро бөлді

832

Еуропа Қазақстанға көмекке 1 млн еуро бөлді

Еуропа футбол федерациялары қауымдастығы (УЕФА) құрамына кіретін әрбір федерацияға қосымша 1 млн еуродан инвестиция салатын болды. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлады, деп хабарлайды baq.kz.

УЕФА президенті Александер Чеферин Хельсинкиде өткен конгресте болашақта қаржыландыру жалғасатынын айтты. Өткен жылы ЕУРО-2016 турнирі үлкен қаржылық табысқа кенелген. Соған байланысты осындай ірі додалардан түскен пайда федерацияларға көмектесіп тұру үшін қарастырылып отыр.

"Біз биылғы циклде УЕФА-ға мүше әрбір федерацияға қосымша 1 млн еуродан бөлу туралы шешім қабылдадық. Мұндай көмек УЕФА аясында өтіп жатқан турнирлердің қаржылық табысының жоғарылауынан болып отыр", – дейді Чеферин.

Айта кетейік, УЕФА-ға 55 ел мүше. Оның арасында Қазақстан да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу