Еуропа криптовалютаны қолдау туралы шешім қабылдады

564

Алдағы 10 жыл ішінде еуропалық шенеуніктер 5G байланысын, сандық инновацияларды және қауіпсіз кванттық желіге қаражат шығындауды жоспарлап отыр.

Еуропа криптовалютаны қолдау туралы шешім қабылдады

ЕО сандық технологияларға 750 миллиард еуро көлемінде инвестиция құю туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. 

Миллиардтаған жоба аясында ЕО блокчейнге, ақпараттық инфрақұрылымға қаражат бөледі. Мұндай инвестициялардың көмегімен Еуропалық комиссия одақ мүшелерін жоғары технологияларды дамытуға және жартылай өткізгіштерді өндіруге итермелемек. 

Алдағы 10 жыл ішінде еуропалық шенеуніктер 5G байланысын, сандық инновацияларды және қауіпсіз кванттық желіге қаражат шығындамақ. Сонымен қатар ЕО еуропалықтардың цифрлық дағдыларына да инвестиция құюды көздеп отыр.

Бұған дейін Еуропа еуроны цифрландырудың алғашқы қадамын жасаған еді. Одақтың орталық банкі виртуалды валюта дәуірінде халыққа қауіпсіз ақша қол жетімді болуы керек деп мәлімдеді. Реттеушінің болжамы бойынша, сандық еуроны әзірлеу және қолданысқа енгізу процесі шамамен екі жылға созылуы мүмкін. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу