Еуропа Қытайда тараған коронавирустан қауіптеніп отыр

1808

Еуропалық одақтың үш әуежайына Қытайдың Ухан қаласынан тікелей әуе рейстері келеді.

Еуропа Қытайда тараған коронавирустан қауіптеніп отыр

Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығы Қытайда тараған коронавирустың Еуропаға тарау тәуекелін "төменнен" "орташа" деңгейге көтерді, деп хабарлайды Atameken Business.

Кәрі құрлыққа саяхаттаушылардың қауіпті дертті тасымалдау ықтималдығы Қытай жаңа жылының тойлануымен байланысты болуда.

Айта кетерлігі, Еуропалық одақтың үш әуежайына Қытайдың Ухан қаласынан тікелей әуе рейстері келеді: Лондонның "Хитроу", Париждің "Шарль де Голль" және Римнің "Фьюмичино" әуежайлары.

Осы мәлімдемеден кейін, Ұлыбритания билігі Уханнан Лондонға келетін барлық тікелей рейстерге мониторинг жасау шараларын күшейтті. Аталған өңірден келген ұшақтар оқшауланған ауданда қабылданады. Бұған қоса, әуе кемесінің командирлеріне жолаушылардың ішінен науқастану белгілері анықталған жағдайда ұшақ қонуға 1 сағат бұрын хабарлауға кеңес берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу