Еуропа Қытайдың автокөлігіне шектеу қояды

189

Еуропалық Одақ бұл туралы ресми түрде ештеңе жариялаған жоқ.  

Еуропа Қытайдың автокөлігіне шектеу қояды Фото: tokito-auto.ru

Еуропалық Одақ Қытайдан келетін автокөлік импортына шектеу қоюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоспарға сәйкес, альянсқа мүше елдер ЕО, Жапония мен Оңтүстік Кореяның автокөлік өндірушілеріне түрлі жеңілдіктер ұсына алады. Мысалы, Жапония, Оңтүстік Корея мен Ұлыбританияда шығарылған көліктерді субсидияға бөлу кезінде еуропалық көліктермен теңестіру көзделіп отыр. Ал Қытайдың автокөлік өнеркәсібі мұндай қолдауға ие болмайды.

Сонымен қатар ЕО, Жапония мен Оңтүстік Корея автокөлік пен аккумулятор өндірісіне қажетті шикізатты бірігіп іздеуді жоспарлап отыр. Бұл Қытайға тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу