Футболдан Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа лигасының жеребесі тартылды. Қазақ футболы тарихында алғаш болып плей-офф кезеңіне жолдама алған "Астанаға" Португалияның "Спортинг" командасы қарсылас атанды, деп хабарлайды vesti.kz.
Станимир Стойлов жаттықтыратын елордалық команда топтық кезеңде 10 ұпай жинап, екінші орынмен 1/16 финалға жолдама алған еді. Плей-оффта отандастарымыз Лиссабонның "Спортинг" командасымен кездесетін болды.
2017/2018 маусымдағы Еуропа лигасының финалы Францияның Лион қаласындағы "Парк Олимпик Лионне" стадионында өтеді.
Айта кетейік, жаңа ғана Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу