Еуропа мен Орталық Азия несие мәліметтері провайдерлері қауымдастығы құрылды

919

Еуропа мен Орталық Азия несие мәліметтері провайдерлері қауымдастығы құрылды

Бакуде Еуропа және Орталық Азия несие мәліметтері провайдерлерінің қауымдастығын құру туралы құрылтай құжаттарына қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қол қою рәсіміне Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина және Өзбекстан несие реестрлері мен бюроларының өкілдері қатысты.

Шара қатысушыларының пікірінше, қауымдастықтың құрылуы өңірдегі қаржы қызметтерін қолжетімді ете түседі, сондай-ақ қаржы нарығын дамытуға кең жол ашады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу