Еуропа мұрағаттарынан қазақ тарихына қатысы бар оннан аса карта табылды

859

Еуропа мұрағаттарынан қазақ тарихына қатысы бар оннан аса карта табылды

Қазақстандық ғалымдар Еуропа мұрағаттарынан қазақ тарихына қатысы бар XIV-XVIII ғасырлардағы оннан астам карта тапты. Құпия құжаттардың түпнұсқасы Ватикан, Рим елдерінде сақталған. Отандық ғалымдар табылған географиялық карталарды зерттей бастады, деп хабарлайды ortcom.kz.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда қоғам қайраткері, жиһанкез Сапар Ысқақов мәлім етті. 

"Карталардың түпнұсқасын алуға рұқсат жоқ. Дегенмен, көшірмесін біз алғашқы болып алдық.  "Бабалар ізімен" ғылыми экспедициясы 2017 жылы Ресей, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Украина, Молдавия, Словения, Беларусь, Литва, Польша, Германия, Франция, Венгрия, Италия, Рим (Ватикан) елдері арқылы өтті. Экспедиция барысында табылған карталар әлемдік саяхатшылардың біздің жерімізде жүріп өткенін дәлелдейді", - деді Сапар Ысқақов.

Келешекте отандық телеарналарда 30-40 сериядан тұратын бабаларымыздың басқан ізі мен олардың болған жерлері туралы деректі фильмдер циклі көрсетілмек. 

Сонымен қатар, 2017 жылдың 13 қыркүйегінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, ал 14 қыркүйекте "Тілеп Қобыз Сарайында" 13 ел өкілінің қатысуымен "Дешті-Қыпшақтың ортағасырлық тарихы" I халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді. Конференцияда қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы, қыпшақтардың өзге халықтармен этно-мәдени байланысы, мәдени-тарихи мұралар арқылы тарихымызды танытатын тақырыптар қозғалады.

14-17 қыркүйек күндері арылығында Астана қаласында ӀӀӀ халықаралық этникалық мәдениетінің "The spirit of Desht-I-Kipchak" фестиваль-байқауы өтеді. Фестивальға 5 құрлықтың 40 елінен 100 ге жуық қатысушы келетінін айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу