Еуропа Одағы Ресейге қарсы санкциялардың 12-ші пакетін әзірлеуге кірісті, 11-ші пакетті әлі ресми түрде қабылдамады, деп мәлімдеді Польша Сыртқы істер министрінің орынбасары Петр Вавжик, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"Біз қазір 12-ші санкциялар пакетімен жұмыс істеп жатырмыз", — деді ол және Польша осы пакет аясында "Ресей үшін үлкен қаржылық ресурстарды қамтамасыз ететін төрт элементті жойғысы келетінін" атап өтті.
Вавжиктің пікірінше, ең қиыны – алмазды Ресейден ЕО-ға экспорттауға тыйым салу.
"Бұл күрделі процедура емес, бірақ негізінен коммерциялық гауһар айналымы жүріп жатқан Бенилюкс елдері наразылық білдіреді. Алайда, егер, мысалы, итальялықтар мен гректерді порттарды жабуға көндіру мүмкін болса, онда бұл жағдайда бәріне қолайлы шешім шығаруға болады", — деп түсіндірді ол.
Поляк дипломаты 12-ші санкциялар пакетінің қашан қабылданатынын болжау қиын екенін айтты.