Сәуір айының алғашқы күндеріндегі жағдай бойынша Еуропалық Одақ елдері Ресейдің 35 млрд еуро тұратын активтерін (шамамен 40 миллиард доллар) бұғаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. Оның 23,5 млрд еуросын Франция шектеді.
Бельгияға 10 млрд еуро, Италияға 1 млрд еуро тиесілі. Ресми Рим ресейліктердің Сардиния мен Тосканадағы яхталары мен жылжымайтын мүлкіне тыйым салды.
Ирландия шамамен 839 млн доллар, Нидерланды шамамен 516 млн, Польша мен Швеция сәйкесінше 34,5 және 28,8 млнн еуро тұратын мүлікті бұғаттады. Дания құны бірнеше мың еуро тұратын активтерге қатысты шектеу шараларын қабылдады.
АҚШ та жеке тұлғалардың автивтерін алып қойды. Ресми Вашингтон оларды кері қайтармайтынын мәлім етті.
Табиғат Нұрболат