Еуропа "Северный поток" құбырына әдейі зақым келтірілді деп санайды

740

Еуропа "Северный поток" құбырынан жанармайдың теңізге ағып кетуіне бәз біреудің қасақана әрекеті себеп деп санайды, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Еуропа "Северный поток" құбырына әдейі зақым келтірілді деп санайды

"Еуропа сейсенбіде Ресей құбыры жұмысындағы келеңсіздікті, соның салдарынан Балтық теңізіне жанармайдың ағып кету себептерін анықтау үшін тергеуді бастады", – делінген хабарламада.

Швеция бұл келеңсіздікті нағыз қасақана әрекет деп бағалап, тиісті тергеуді бастады.

Ресейдің де, оның еуропалық серіктестерінің де "Северный поток" құбыры жұмысына миллиардтаған доллар жұмсағаны атап өтілді.

Алайда оның жұмысына кім әдейі кедергі келтіргені әзірге белгісіз.

Польша құбыр жұмысы қасақана тоқтатылды деген нұсқаны ұстанса, Дания оны жоққа шығармайды.

Ресей бұған дейін Батыс елдерінің салған санкцияларына жауап ретінде газ жеткізуді анағұрлым қысқартқан болатын.

Осы бір жайтты негізге ала отырып, аты аталмаған "украиналық жоғары дәрежелі заңгер" Еуропаны тұрақсыздандыруға тырысқан Ресейдің өзі құбырдың жұмысына кедергі келтіріп отырғанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу