Еуропа су астында қалды: Франция, Италия мен Англияда жаңбыр тоқтамай тұр

184

24 сағат ішінде бір айлық жауын-шашын түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты DW радиосына сілтеме жасап.

Еуропа су астында қалды: Франция, Италия мен Англияда жаңбыр тоқтамай тұр Фото: Pixabay.com

Еуропа елдері соңғы 20 жылдағы ең ауыр су тасқынынан зардап шегіп жатыр. Қыркүйек айының басынан кем дегенде 17 адам тасқынның құрбаны болған. Қазір Францияға, Италия мен Англиядағы жағдай күрделі.

"Дауылды нөсер Францияның оңтүстігіне жетіп, Канналар мен Антибтерді су басты. Англияның кейбір аудандары да су астында қалды. Мұнда 24 сағат ішінде бір айлық жауын-шашын мөлшері жауды. Нөсерден жолдар өзенге айналды. Италия тұрғындары судың бірнеше секунд ішінде көтерілгенін айтады. Құтқарушылар жоғалған қарт әйел мен нәрестені іздейді", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу