31 жыл бұрын Еуропадағы ең биік тауға шығу кезінде қайтыс болған альпинист әйелдің денесі Қарашай-Черкесияда Эльбрустан бүгін табылды, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.
Әйелдің денесін төрт мың метрге жуық биіктен туристер тобы тапқан екен. Олар бұл жөнінде құтқарушыларға хабарлапты. Әйелдің кім екені анықталды – оның қалтасында Елена Константиновна Базыкинаға берілген төлқұжат пен Мәскеуден Минеральные воды-ға дейінгі ұшаққа билет болған. Билеттегі күн – 10 сәуір 1987 жыл.
Құтқарушылардың айтуынша, әйелдің денесі табылған ауданда 1987 жылы көшкін болып, жеті адамнан тұратын альпинистер тобы қаза тапқан. Ол кезде іздестіру жұмыстары оң нәтиже бермеген көрінеді.