Владимир Зеленскийдің батыс елдеріне ресейлік зымырандарды жою туралы өтінішін Германия канцлері Олаф Шольц қабылдамады. Бұл туралы Die Zeit газеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Мұндай ұсыныстардың көтерудің өзі артық болатын консенсусты көріп отырмын, АҚШ-та бұл туралы нақты бірнеше рет айтқан болатын", – деді канцлер.
Сондай-ақ, бұл Зеленскийдің Ресейдің ішкі аймақтарына соққыларға қатысты шектеулерді толығымен алып тастау туралы өтініші де мақұлданбады.
Бұған дейін НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Польшаның Украинаның үстінен ресейлік зымырандарды ату туралы ұсынысына қарсы болған. Идея 8 шілдеде Польша мен Украинаның қауіпсіздігі туралы келісім жасасуда айтылды.