Еуропа жаңа шектеулер енгізеді

750

Ұлыбританияда соңғы тәулікте инфекцияның 10 059 фактісі ресми түрде тіркелді. 

Еуропа жаңа шектеулер енгізеді

Еуропа елдері індеттің өршуі мен "омикрон" штамының таралуына байланысты қосымша шектеулер енгізеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. Жаңа шаралар Рождество мен жаңа жылдық мерекелер кезінде жариялануы мүмкін. 

Қатаң шектеулерді бірінші болып Нидерланды енгізбек. Үйде оқшаулану режиміне көшу, мектептерді, көптеген дүкендерді, барларды, мейрамханаларды жабу, Ұлыбританиямен арадағы әуе қатынасын тоқтату қарастырылған.

Еуропа елдерін бұл штамның таралуы алаңдатып отыр. Франция, Германия және Австрия вакцинацияланбаған немесе коронавируспен ауырмаған саяхатшыларға күшейтілген эпидемиологиялық бақылау орнатты.

Егер "омикрон" етек жайса, басқа еуропалық елдер де локдаун енгізуі мүмкін. Ұлыбританияда соңғы тәулікте инфекцияның 10 059 фактісі ресми түрде тіркелді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу