Еуропа Жаңа жылды фейерверксіз қарсы алуға көшіп жатыр

897

Халық қауіпсіздік пен экология мәселесіне алаңдаулы. 

Еуропа Жаңа жылды фейерверксіз қарсы алуға көшіп жатыр

Швеция биыл Жаңа жыл мейрамын ерекше түрде қарсы алайын деп отыр. Елде мынадай заң енгізілген. Енді келесі жылдан бастап фейерверк ату үшін арнайы курстардан өтіп, жергілікті әкімшіліктен рұқсат сұрау керек, деп хабарлайды Euronews.

Варшава қаласында жаңажылдық салюттің орнына лазерлік шоу ұйымдастырылатын болды. Өйткені фейерверктің жарылуынан шыққан дыбыстан иттердің үрейі қашатын көрінеді. Ал егер кімде-кім салют атқысы келсе, оларға тек сертификатталған өнімдерді пайдалануға рұқсат етілген. 

Германияда өткізілген сауалнама нәтижесі бойынша, адамдардың 57% Жаңа жыл кезінде фейерверк атуға қарсы дауыс берген екен. Олар мейрам уақытында қауіпсіздік пен экология мәселесін бірінші орынға қою керек деп санайды. Жергілікті билік тұрғындарды мұндай жарылғыш заттарды абайлап қолдануға шақыруда. 

Италияда соңғы алты жылда бірде-бір адам фейерверктен қаза таппаған. Дегенмен жарақат алғандардың саны әлі де азаймай отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу