Еуропада ауғанстандық босқын жасөспірімді зорлап, өлтірді деп айыпталды

650

Күдікті Ұлыбританиядан экстрадициялануы мүмкін.

Еуропада ауғанстандық босқын жасөспірімді зорлап, өлтірді деп айыпталды

Ұлыбританиядан пана сұраған ауғанстандық босқын Австрияда 13 жасар қызды зорлады және оны өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Inbusines.kz Sky News телеарнасына сілтеме жасап. Бұл қылмысты бір топ адам жасаған. 

Жәбір көрген қыздың есімі – Леони. Полицияның мәліметінше, олар жасөспірімге тыйым салынған заттар беріп, зорлаған. Жасөспірім қыз тұншығып ажал құшқан. Алдын ала мәлімет бойынша, барлық күдіктілер – Азия елдерінен келгендер. Кілемге оралған мәйіт 26 маусымда Вена қаласында табылды.

Ауғанстандық босқын Австриядан Ұлыбританияға келгеніне екі апта өткеннен кейін, полиция оны тұтқындады. Ол Еуропаға 18 шілдеде босқындармен бірге қайықпен келген болатын. Жасы 22-де. Кейін жігіт пана сұрап, Лондон қонақ үйіне орналастырылды. Австрия полициясы оны тұтқындағанға дейін ол сол жерде тұрды. 

Күдікті Ұлыбританиядан экстрадициялануы мүмкін.Осы іс бойынша тағы үш ауғанстандық қамауға алынды. Тергеу әлі де жалғасуда.

Табиғат Нұрболат

Фото: Globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу