Еуропада әуе рейстері жаппай тоқтауы ықтимал

170

Еуроодақ авиаотын бойынша шұғыл жоспар әзірлеуге кірісті.  

Еуропада әуе рейстері жаппай тоқтауы ықтимал Фото: lennuabi.com

Бұған Еуропаның импорттық авиаотынға тәуелділігі себеп болып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты "Блумберг" басылымына сілтеме жасап.

Отынның шамамен 40%-ы шетелден келеді, әрі оның тең жартысы Ормуз бұғазы арқылы өтеді.

Енді Еурокомиссия қордағы жанармайды елдер арасында бөлу тетігін енгізуге ниетті. Әзірге, бастама толық талқылаудан өткен жоқ.

Сарапшылар жағдай ушыға берсе мамыр айының соңына қарай кәрі құрлықта рейстер жаппай тоқтайтынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу