Транспорт министрлігінің өкілі Жан-Батист Джеббаридің хабарлауынша, электрокар сатып алушыға мемлекет €1000 (505 000 теңге) көлемінде ақша береді.
Сондай-ақ келер жылдан бастап жаңа электромобильге субсидия мөлшері 6000 еуроны құрайды.
Джеббаридің айтуынша, пандемияның кесірінен автомобиль нарығы 38%-ға құлдырады. Соған қарамастан франциялықтар жыл басынан бері 68 000 электромобиль сатып алды.
Айта кетейік, Францияның жекелеген штаттары қосымша субсидия бөліп жатыр. Мәселен, Иль-де-Франс билігі қыркүйек айынан бері іштен жанатын моторды электроқозғалтқышқа ауыстырған әр азаматқа €2500 беруде.
"Эко қозғалыс" Еуропада мықты қарқын алды. Шотландияда өткен айдан бері электромобиль алатындарға 0 пайыздық кредит беріле бастады. Қоршаған ортаға зиян келтірмейтін кореялық жүк көліктердің бірінші партиясы (100 данасы) салтанатты түрде Швейцарияға жеткізілді.
Олжас Оқас