Бұған Лондон ICE биржасы деректері дәлел, деп хабарлайды inbusiness.kz "Прайм" агенттігіне сілтеме жасай отырып.
TTF индексі бойынша наурыз фьючерстері мың текше метр үшін 573,9 доллар (-3,8%) бағамында сауда-саттықты ашты. Ал олардың құны Астана уақытымен 13.03 жағдай бойынша 570,4 долларды (-4,4%) құрады.
Еуропадағы газдың биржалық бағасы 17 қаңтарда 16 айда алғаш рет – 2021 жылдың 31 тамызынан бастап – мың текше метр үшін 600 доллардан төмендеді. Сарапшылар еуропалық биржадағы газдың құны жылы ауа-райы мен қатты желдің (жел электр станциялары электр энергиясын өндіруді арттырды), сондай-ақ ЕО-дағы жерасты газ қоймаларындағы газдың жеткілікті қорының арқасында төмендейтінін атап өтті.