Еуропада газдың биржалық бағасы 4%-ға төмендеді

340

Бұл ақпаратты Лондон ICE биржасының деректері дәлелдейді. 

Еуропада газдың биржалық бағасы 4%-ға төмендеді Фото: pixabay.com

Еуропадағы ең ірі голландиялық TTF хабының индексі бойынша, қаңтардағы табиғи газды жеткізуге арналған фьючерстік келісімшарттардың құны 4%-дан астамға төмендеп, мың текше метрі үшін 470 долларды құрады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы аптада Еуропада температураның жоғарылауы күтілуде. Бұл отынға деген сұранысты азайтып, биржалық бағаларға әсерін тигізеді.

Бұл ретте желтоқсандағы жағдай бойынша, қоймалардағы газдың рекордтық қорлары бағаның күрт өсуін болдырмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу