Еуропада індеттің жаңа толқыны басталуы мүмкін

784

Одақ елдеріндегі вакцинация қарқыны біркелкі емес. 

Еуропада індеттің жаңа толқыны басталуы мүмкін

30 маусымға дейін Еуропа халқының 46%-ы коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын қабылдады және тек 26%-ы толығымен вакцинацияланды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Еуропаның ауруларды алдын-алу және бақылау орталығына сілтеме жасап. Мамандар мұндай көрсеткіштер жеткіліксіз, сондықтан індеттің жаңа толқыны басталуы мүмкін деп отыр. 

Қазір Еуропаны мына мәселе алаңдатуда: одақ елдеріндегі вакцинациялау көрсеткіші біркелкі емес. Мысалы, Бельгияда препараттың алғашқы дозасын халықтың кем дегенде 61%-ы, ал Болгарияда тек 14%-ы ектірген.

"Бірқатар елде вакцина бар, бірақ тұрғындар екпе салдырғысы келмейді. Билік халықтың осы бөлігімен жұмыс істеуі керек", – деді ECDC өкілі.

Италияның Апулия аймағының эпидемиологы және денсаулық сақтау жөніндегі кеңесшісі Пьерлуиджи Лопалко вакцинация қарқынының біркелкі болмауы қиындық туғызатынын мәлім етті. "Вакцинация –пандемияның жаңа толқынын күзге қарай тоқтатудың жалғыз тиімді әдісі", – деді ол.Бұған дейін Еуропаның аурулардың алдын-алу және бақылау жөніндегі орталығының басшысы Андреа Аммон "үнді" штамы Еуропаның барлық елдеріне тез таралады деп болжаған еді. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу