Еуропада коронавирустан қайтыс болу фактілері көбейді

1198

Хорватияда, Бельгия мен Ирландияның кейбір аудандарында эпидемиологиялық жағдай нашарлады.  

Еуропада коронавирустан қайтыс болу фактілері көбейді

Еуропада коронавирус дертіне шалдыққандардың қаза болу фактілері күрт көбейді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасап. 

Еуропа өлім көрсеткіші бойынша алты аймақ ішінде көш бастап тұр. Қарашаның алғашқы жеті күнінің нәтижесі бойынша, қайтыс болғандардың 55%-ы Еуропа елдеріне тиесілі.

Сондай-ақ аймақта COVID-19 вирусын жұқтырғандар қатары артуда: инфекцияның 1 949 419 жаңа фактісі анықталды. Бұл – әлемдегі науқастардың 63%-ы. ДДСҰ мәліметі бойынша, еуропалықтардың көпшілігі дельта штамын жұқтырған. 

Статистикаға сәйкес, Хорватияда, Бельгия мен Ирландияның кейбір аудандарында эпидемиологиялық жағдай нашарлады.  Қызыл тізімге Латвия, Литва, Эстония және Румыния енді. Лихтенштейн мен Исландия, Нидерланд, Норвегияның жартысы және Чехияның жартысы саяхаттау үшін қауіпті деп танылды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу