Еуропада коронавирустың жаңа ошақтары пайда бола бастады

582

Вирус жұқтырғандардың орташа жасы 60-тан 30-ға дейін төмендеген.

Еуропада коронавирустың жаңа ошақтары пайда бола бастады

Италияда коронавирус инфекциясын бір тәулік ішінде 1000-нан астам адам жұқтырған. Бұл карантиндік шаралар алынып тасталған кезден бергі ең жоғары көрсеткіш. Бұндай жағдай соңғы рет Италияда мамыр айында тіркелгенін euronews хабарлады.

Мамандардың пікірінше, бұған себеп жаз кезіндегі демалыста адамдардың қорғаныс шараларына аз көңіл бөлуі болып отыр. Жағажайларда халықтың көпшілігі маска кию режимін сақтамайды, дәмханалар мен мейрамханаларда да дәл осы жағдай байқалады. Осыған орай, Италия билігі вирус жұқтырғандардың орташа жасы 60-тан 30-ға дейін айтарлықтай төмендегенін мәлімдеді.

Ұлыбританияда да жағдай мәз емес. Біріккен Корольдікте күніне 1200-ден астам адам індет жұқтыра бастаған. Манчестердің маңындағы бірқатар елдімекенде арнайы санитарлық режим енгізілді. Ол жерлерде COVID-19 індетінің жаңа ошағы анықталған. Жергілікті тұрғындарға кез-келген іс-шараға 20-дан астам адамның жиналуына уақытша тыйым салынды. Сол себепті қоғамдық көлікпен жүрмеуге кеңес берілген.
Ал Германияда алдын алу шаралары қатаң сақталған жағдайда бұқаралық шаралар өткізуге әлі де болса рұқсат етіледі. Алайда күзгі мерекелер өтпей қалуы мүмкін. Өйткені Германияда да Еуропаның басқа елдеріндегідей COVID-19 статистикасы тұрақты түрде өсіп келе жатыр. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу