Еуропада пандемияның үшінші толқыны жарияланды

804

Одақтағы 18,2 миллион тұрғын екпе ектірген.

Еуропада пандемияның үшінші толқыны жарияланды

Еуропалық Комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен Еуропада коронавирустық инфекцияның үшінші толқыны басталғанын жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.

Ол қазіргі жағдайдың алаңдаушылық тудырып отырғанын мәлім етті.

"ЕО-ның бірқатар елінде инфекция қайтадан өршуде", – деді фон дер Ляйен ЕО мемлекет басшыларының саммиті аясында өткен баспасөз мәслихатында.

ЕК басшысы осы орайда вакцинация процесінің маңыздылығын атап өтті. Еуроодақ елдері вакцинация науқаны басталғаннан бері коронавирусқа қарсы түрлі препараттардың 88 миллион дозасын алған. Осы күнге дейін шамамен 18,2 миллион адамға екпе егілген.

Бұған дейін де Урсула фон дер Лейен Еуропада жағдайдың нашарлағанын жариялаған еді. Ол вакцинация қарқынының төмендеуі осындай жағдайға әкеліп соқты дегенді айтты. Себебі AstraZeneca компаниясы шартта бекітілген вакцина көлемін өндіріп жеткізбеген.

Табиғат Нұрболат

Фото: Globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу