Еуропада табиғи сүттің құны күрт төмендеуі мүмкін

1181

Еуропада табиғи сүттің құны күрт төмендеуі мүмкін

Қазірдің өзінде бір литр сүттің бағасы 30 еуроцентке жетпейді. Осы жағдай фермерлерді алаңдатып отыр. Өйткені нарыққа құрғақ сүт ұнтағы шығарылмақ. Еуроодақ бағалар төмендегенде өндірушілерден сүт өнімін арзанға сатып алған болатын. Осыған орай Брюссельде одақтың сүт өндірісі саласындағы саясатына қарсы наразылық шарасы өтті, деп хабарлайды 24Хабар.

150 сүт өндіруші компания өкілдері одаққа мүше елдердің ауылшаруашылық министрлерінің кездесуіне орай жиналды. Сүт өндірушілер наразылық ретінде Еуроодақ Кеңесінің ғимаратына желдеткіш арқылы бір тонна құрғақ сүт ұнтағын шашты.

"Бізді бүгін мазалап тұрған мәселе 500 мың тонна сүтіміз сақтаулы тұр. Оны өндіруге қаншама еңбектендік, біраз қаражат жұмсалды. Алдымен осы сүтті өткізу қажет. Содан кейін ғана сүтті белгіленген тәртіппен реттеп өндіреміз. Сүт өндірісін уақытша тоқтату талабы еуропалық елдердің бәрінде бірдей қолданылғанын қалаймыз", – дейді бельгиялық сүт өндіруші Ги Франк.

"Ауыл шаруашылығын ырықтандыру шешімдері керісінше саланы тұншықтырып жатқанын саясаткерлерге айту үшін Франциядан Брюссельге келдік. Бұл тек Еуропаға ғана емес, өнімді алып жатқан Африкаға да зиянын тигізіп отыр", – деп атап өтті франциялық сүт өндіруші Aдриан Лефевр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу