Еуропа елдерінде В типті тұмау бет қаратпай тұр

Оған Жаңа жылды тойлау, отбасылық және түрлі кездесулер де әсер еткен. 

Еуропа елдерінде В типті тұмау бет қаратпай тұр Фото: РБК

Кейбір елдерде адамдардың тұмаудан қайтыс болу фактісі де тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мысалы, Франциядағы жағдай Жаңа жылдан соң тіпті нашарлаған. Тұмаумен 15 жасқа дейінгі балалардың көп ауырып жатқаны медицина қызметкерлерін бейжай қалдырмай отыр. Негізі қыс мезгілінде жыл сайын 2-6 миллион француз тұмау вирусын жұқтырады.

Ал Румынияда тұмаудың асқынуынан төрт адам қайтыс болған. Ұлттық денсаулық сақтау институты өткен аптада ресми түрде 4100-ден астам жағдай тіркелгенін хабарлаған, бұл оған дейінгі аптамен салыстырғанда екі есе артқанын байқатады. 

Сондай-ақ Испанияда да тұмау, бронхиолит және COVID-19 көрсеткіштері айтарлықтай өскен. 

Каталония мен Валенсия автономиялық қауымдастықтарындағы денсаулық сақтау мекемелері де дабыл қаққан, жағдайдың алдағы аптада нашарлайтынын алдын ала болжанған. Тіпті, бірнеше емхана бетперде тағуды міндеттеп жатыр. 

Италияда қаңтардың екінші бөлігінде ауру қатты асқынады деп болжанып отыр. Себебі елде апта сайын екі миллионнан астам жұқтыру дерегі анықталған. 

Осы жылы ең көп В типті тұмау таралды. Тұмау жұқтырғандардың дене қызуы көтеріліп, аяқ-қолы ауырып, тоқтамастан жөтеледі. Инфекция 60 жастан асқан ауыр респираторлық аурулармен ауыратын науқастарға қатты қауіп төндірмек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу