Еуропада жарық өшті

739

Ресейге қарсы санкциялар аясында ЕО-ның көптеген елдері энергияны үнемдеу режиміне көшуді бастап кетті.

Еуропада жарық өшті

Мысалы, қоғамдық ғимараттарды, ескерткіштерді, дүкендердегі жарықтандыру көзін өшірді.

"Біз көпірлер, шіркеулер, мұражайлардағы барлық жарықты 4 аптаға өшірдік. Яғни жаяу және автомобиль жолдарынан басқа жарықтандырудың барлығы", – деді Францияның Экологиялық көшу жөніндегі Вице-мэр Сильван Годино.

Франция үкіметі компаниялардан энергия тұтынуды 10%-ға қысқартуды талап етті.

Жарықты тек мемлекеттік мекемелерде ғана емес коммерциялық кәсіпорындар да өшірді. Мысалы, түні бойы жанып тұратын дүкендер мен дүңгіршектердің де жарығы өшті.

Басқаларды ынталандыру үшін Эко-белсенділер #Өшірулі акциясын бастады.

Бұл акцияға Испания мемлекеті де қосылды. Осы шаралардың арқасында Испания ЕО-да ұсынылған энергияны үнемдеудің 7% мақсатына жетеді деп үміттенеді. Электр энергиясына тарифтер өсуді жалғастыруда, бүгінде баға былтырға қарағанда бұрынғыға үш есе қымбаттаған.

Дина Әділ

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу