Еуропадағы бір мемлекет АҚШ пен Израильді қауіпті ел деп атады

153

Бұл туралы Нидерланд лаңкестікке қарсы агенттігінің баяндамасында жазылған. 

Еуропадағы бір мемлекет АҚШ пен Израильді қауіпті ел деп атады Фото: canva

Осылайша, Израиль мен АҚШ Нидерланд тарихында қауіп-қатер төндіретін елдер санатына жатқызылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Баяндама "Шетелдік мемлекеттер тарапынан қауіп-қатерді бағалау" деп аталады. Онда Израиль мен АҚШ әрекеттері Нидерланд қауіпсіздігі мен егемендігіне қауіп төндіруі мүмкін елдер ретінде аталған. 
Бір мысал, Израиль ел билігінің келісімінсіз Нидерланд азаматтарының жеке деректері бар құжаттарды таратып, жалған ақпарат тарату науқандарын қолданған делінеді. Яғни, елдегі қоғамдық пікір мен саяси шешімдерге ықпал етуге әрекеттенген болуы ықтимал. 

Құжатта Израиль мен АҚШ тарапынан Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотқа (ХҚК) қауіп төніп тұрғаны атап өтілген. 

2024 жылы сот "Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галантты Палестина аумағында әскери қылмыс жасады" деген күдікпен қамауға алуға ордер берген еді. Осыдан соң АҚШ сотқа санкция салды, Израиль тарапы қысым жасау науқанын күшейтті.
Аумағында Халықаралық сот пен БҰҰ Халықаралық сотын қоса алғанда халықаралық сот органдары орналасқан Нидерланд олардың тәуелсіздігі мен үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін өзінің ерекше жауапкершілігін атап көрсетумен келеді. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу