Этна жанартауы – Италияның Сицилия аралында орналасқан. Жанартаудан атқылаған күлдің биіктігі 6,5 шақырымға дейін жетеді, деп жазады inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.
Италия билігі: "Маңайдағы тұрғындар үшін қауіп төніп тұрған жоқ", – деп мәлімдеді.
Бірақ, алдағы уақытта жанартау белсенділігі артуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Италияның ұлттық геофизика және вулканология институтының (INGV) Etna обсерваториясы хабарлағандай, дүйсенбі күні таңертең ерте уақытта "қарқыны жоғары" бірнеше жарылыс тіркелген.
Қазіргі уақытта жанартаудың атқылау ауқымы белгісіз және үзіліс минималды болып көрінеді. Ал, әуе рейстері әдеттегідей Сицилия аралының әуежайларына ұшып келіп жатыр.