Еуропадағы ең ірі АЭС-те өрт: БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиыны өтеді

1458

Ресей әскері Запорожье АЭС-ін атқылап жатыр. Өрт сөндірушілерге мүмкіндік берер емес. Еуропадағы ең ірі АЭС-ке ядролық қатер төніп тұр. Мұны Украинаның төтенше жағдайлар қызметі хабарлады, деп жазады "Настоящее Время" басылымы. 

Еуропадағы ең ірі АЭС-те өрт: БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиыны өтеді

Станциядағы энергоблоктардың бірінің жанында және оқу-жаттығу корпусында өрт шықты. Үшінші энергоблоктардың бірыңғай энергожүйеден ажыратылған. Таңертеңгі сағат 3-тегі (Киев уақыты бойынша) жағдай бойынша алты блоктың біреуі ғана жұмыс істеп тұрды.

"Еуропадағы ең ірі АЭС-ке нақты ядролық қатер төнді. Біз бірінші энергоблокқа жеттік, алайда құтқарушылар өртті сөндіре алмайды, өйткені Ресей әскери күштері әлі атқылап жатыр. Әзірге радиациялық фонның бұзылуы туралы ақпарат жоқ", – деп хабарлады станцияның баспасөз қызметінің өкілі Андрей Туз. 

Осы жағдайға байланысты Ұлыбритания БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесін шұғыл шақыртып жатыр.

"Президент Путиннің парасатсыз әрекеті қазір бүкіл Еуропаның қауіпсіздігіне тікелей қатер төндірді", – делінген Ұлыбритания премьер-министрінің баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.

Айта кетейік, Ресей мен Украина арасындағы әскери конфликт тоғызыншы күн жалғасып жатыр. 

Тоғызыншы күні болған елеулі оқиғалар:
- Еуропадағы ең үлкен Запорожье АЭС-нің алғашқы энергетикалық блогына оқ атылды.
- Ресейде "Медуза", "Азаттық" радиосы, "Би-би-си" орыс қызметі, DW сайттары ашылмай қалды. Facebook, Twitter және AppStore мен Google Play қолданбалар дүкендері де ашылмайды.
- Бұған дейін "Дождь" тәуелсіз телеарнасы хабар таратуды тоқтатқан болатын.
- Гаага трибуналының тергеушілері Украинаға кетті.
- Украиналық абоненттер Ресейге қоңырау шалу мүмкіндігінен айырылды.
- АҚШ Песковқа, Усмановқа, Ротенбергке және олардың отбасы мүшелеріне санкциялар енгізді. Шувалов пен Усманов Ұлыбританияның санкцияларына ұшырады.
- Жараланған және өлтірілген ресейлік әскери қызметшілер Беларуссияның Мозырь қаласына жеткізілмек.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу