Еуропадағы ең ірі болат құю зауыты қызметкерлерінің санын 5 мыңға қысқартпақ

1016

Еуропадағы ең ірі болат құю зауыты қызметкерлерінің санын 5 мыңға қысқартпақ

Италияда 4 мың металлург жұмыссыз қалуы мүмкін. Өйткені Еуропадағы ең ірі болат құю зауыты қызметкерлер санын қысқартуды жоспарлап отыр. Бірнеше жылдан бері қиындықтан көз ашпай келе жатқан кәсіпорынды бір миллиард 800 миллион еуроға бірлестік сатып алмақшы. Оған әлемге танымал ArcelorMittal және итальяндық Marcegaglia өнеркәсіптік тобы кіреді. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Жалпы Ильва зауытының бас бөлімі Италияның оңтүстігіндегі Таранто қаласында орналасқан. Кәсіпорында 14 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Алайда жаңа қожайыны тек 10 мың қызметкерді ғана қалдыруға ниетті. Бүгінде зауытты сату мәселесіне нүкте қойылуға жақын. Еуропалық комиссия мәмілені түпкілікті бекіту керек. Металлургтердің дауы 5 жыл бұрын басталған еді. Оған зауыттың бұрынғы иелерінің тіл табыса алмай, бірін-бірі жемқорлыққа қатысты айыптауы себеп. Мекеме мемлекет меншігіне өткеннен кейін сатуға қайта шығарылды.

Ильва зауыты – Италия экономикасы үшін маңызды нысан. Ол елді болатпен қамтамасыз етіп, автокөлік пен тұрмыстық заттар өндіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу