Латвия Университетінің Академиялық кітапханасында "Абай" ақпарат орталығы ашылды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Орталықта тарихи, ғылыми-танымдық және көркем әдебиет салаларындағы танымал қазақстандық жазушылардың қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдеріндегі еңбектері қойылған. ҚР Ұлттық кітапханасы "Абай" орталығына 200-дей кітап сыйға тартты.
Орталықтың ашылу салтанатының ресми бөлігінде ҚР Ұлттық кітапханасы мен Латвия Университеті Академиялық кітапханасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Тарихы 1524 жылдан бастау алатын Латвия Университетнің Академиялық кітапханасы (бұрын Рига қалалық кітапхана, Мемлекеттік тарихи кітапхана, Латвия Ғылым академиясының орталық кітапханасы атын иеленді) Латвия аумағындағы ең ірі, әрі Еуропадағы ең көне кітапханалардың бестігіне кіреді.
Қітапхананың қорында жүзге жуық ежелгі құндылықтар сақталған.